Эссе және өлең-жыр байқауы

Аялдама

Қара тастан бағалы құрыш артық,
Темір тегі дегенмен күміс артық.
Сұсты қытай қаптаған вагон еді,
Отырды жунго қыздың нұры шарпып

Айдан құлап ақ сәуле ұялаған,
Әппақ жүзін жат жанға қияма адам.
Жанарымен жанды арбап отырды кеп,
Қылығын қиық көзбен сығалағам.

Қолаң шашы төгілген кеудесіне,
Көрікті шексіз берген пендесіне.
Жаратқанның жазғанын қабыл алдым
Сендім енді ешқашан көремесіме...

Аялдама...

Қытай елі, Хөх хот, 19.05.14

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...