Өлең, жыр, ақындар

Жолаушысы капитансыз кеменің

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 407
"Жер-Шар" атты капитансыз кеменің
Жолаушысы алаңғасар неменің: —
Ей адамдар! Сіздерменен дұрыстап
Ақ жарылып бір сырлассам деп едім.
Жаның төкті, келмес кісі өлгісі,
Тәнді қамдау — ол тірліктің белгісі.
Тудың бітті, шыққан күндей батасың,
Соған бірақ келмейді адам сенгісі?
Өмір құт боп, сәтті күні күлерсің,
Өмір жат боп, жылай, зарлай жүрерсің.
Дем біткен күн мал-мүліктен тазарып,
Тыр-жалаңаш жер қойнына кірерсің.
Шешіндірер, көрге салар жалаңаш,
Байлық пен бақ арашаға жарамас.
Өмір өтті, атың өшер,сонан соң,
Бет сыйпалды, отың сөнді тарап ас.
Осылайша өмір сырғып өтуде,
Талпынбаймыз қызықты оны етуге.
Тырыссақ қой ең болмаса бір істі,
Ел сүйсінер, артта қалар етуге.

Ақтау. 31.08.2001 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маңғыстауым

  • 0
  • 0

Көз суарар ну да жоқ есің кетіп,
Мәуе де жоқ талмайтын несіп етіп.
Ғажап... қалай таңдаған әулиелер —
Маңғыстауды мәңгілік бесік етіп?

Толық

Бар сырым

  • 0
  • 0

Ұлғайып жасым ұстаған едім қаламды,
Бір жырлап берсем, дедім бе, маңғаз, даламды?
...Сорлаған халық демеші, шырақ, тегіңді,
Тексіздік, сірә, жамандықтан да жаманды...

Толық

Мұхамбет пайғамбар өсиеттерінен

  • 0
  • 0

Ұғып ал, Әлі, Әлемді
Ұлы Алла жалғыз жаратқан.
Жан берді сазға, тірілтіп,
Бойыңа жатыр тарап қан!

Толық

Қарап көріңіз