Өлең, жыр, ақындар

Бар сырым

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 773
Ұлғайып жасым ұстаған едім қаламды,
Бір жырлап берсем, дедім бе, маңғаз, даламды?
...Сорлаған халық демеші, шырақ, тегіңді,
Тексіздік, сірә, жамандықтан да жаманды...
...Сұлуың қанша жаныңды тербер наз әнді,
Іңірден жеткен шырқаумен бал шақ азаңғы.
Аталар қанша бір ауыз сөзбен кісі ғып,
Сонымен және тарттырған, бәлем, сазаңды.
Жомарттар қанша далада жаяу қалатын,
Сыпайы қанша атамас тіпті жар атын.
Асылдар қанша арына ақау түспеген,
Ардақтап жұрты есіне мәңгі алатын.
Сұңғыла қанша заманды болжап жырлаған,
Жырменен шалқып, жазира жыр боп тұр далам!
Сексеннен астам сөзі бар жалғыз түйеге,
Байыған солай, арқасы қазақ, бұл ғалам!
Өзіңді өзің менсінбей, неге қорландың,
Ойланшы, шырақ, әлсіздер қанын сорған кім?
Жетпесе парқың, өрісің, ойың кел маған,
Дәлелдеп берем, наданға сендей қорғанмын.
...Сауатты болдым бесінші сонау ғасырда,
Таңқалды әлем адамдай алтын асылға.
Жер үсті қала басқада жер боп жатқанда,
Жер асты қалаң тұр әлі, жар сал, жасырма.
Қазағың берген Қаныштай ерен алыпты,
Қақтырған таңдай әлемді, бүкіл жарықты.
Жүрекке – сезім, бетіме – ұят, тұнық ой –
Абайым ғана, Абайым жанға дарытты!
Атаңның ізі сайраған сонау Кубаннан,
Алтайға дейін, біледі тарих қуған жан.
Өзіңдей ол да мәңгүрт боп қалып жүрмесін,
Жалынам, жаным, үйретші ұлды, туғаннан!..
Ұстадым қалай, ұлғайып жасым, қаламды,
Аз ба еді, сірә, қосқандар жырға даламды?
Өлең сөз – емші, сыздаған көптен жүректе
Жалап бір алғым келді ме бітеу жарамды?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сексен дүре

  • 0
  • 0

Елге, не ер — қажет пе жауыр төзім?
Сыйлай ма ол кісіге тәуір сезім.
Жауы түгіл шешендер бауырының
Көтермейді бір ауыз ауыр сөзін.

Толық

Тұтқасы тірлік аналар

  • 0
  • 0

Көрсоқыр заман қырсығып,
Көрсетті "жаудың" қызы ғып.
Маңдайды кетті бір сызып,
Жүректе қалды бір сызық.

Толық

Құдағи тілегі

  • 0
  • 0

Жарығым, құтты болсын орамалың,
Бұл тілек арман сөзі бар ананың.
Жанымды сары майдай балқытады,
Мөлдіреп анда-санда қарағаның.

Толық

Қарап көріңіз