Өлең, жыр, ақындар

Қайда асықтың, аналар, бәрің бірдей

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 481
Зіл салмақтан барамын аласарып
Жырмен жылай бұл шерді тараталық.
Үлгере алмай жатыр ғой қыз, келіндер
Қайта-қайта басына қара салып.
Өксігіме кернеген өлім келмей,
Шал басыммен жылаймын кәдімгідей.
Қайда, қайда тездетіп кетіп жатсың,
Айналайын аналар, бәрің бірдей?
Еріп, жанып бар мүшем барады іште,
Сіздер айтқан қайда ақыл — "шала пішпе".
Боядың ғой келіннің басындағы
Өзің жапқан шарқатын қара түске.
Балалықпен, мүмкін-ау қинадық та
Өздеріңді пір тұтып сыйладық па?
Қадіріңді енді-енді сезген кезде
Бір өмірге, аналар, сыймадық па?!
Өтер, сірә, енді өмір сәні кірмей,
Көбірегін өткіздік мәнін білмей.
Ұл-қыздарың қатарға қосылғанда,
Қайда, қайда жол шектің бәрің бірдей?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамның бәрі адам, бәрі адам

  • 0
  • 0

Адамның бәрі адам, бәрі адам:
Жасы да, ақылдысы, кәрі, надан.
Батыр да – аямайтын қасық қанын,
Қорқақ та – қастер тұтар пасық жанын.

Толық

Ауылда. 1996 жыл

  • 0
  • 0

Елдің қамын бір кісідей жеуші едім,
Астанадан асса ауылым деуші едім.
Елестеткен ерке жұртты көзіме,
Арман шіркін, бар ма сенің, беу, шегің!?

Толық

Аяныш

  • 0
  • 0

Осы ойыңмен, сен, бейшара жандайсың,
Шала бықсып, өмірде еш жанбайсың.
Бірін емес оның тауып аларсың,
Қара қазан сатып ала алмайсың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар