Өлең, жыр, ақындар

Аяныш

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 563
Әкем марқұм (жаны Жәннатта болғыр) ескі қара қазанның тесігін жамамақ болып қол бұрғымен үш күн бойы тесік тескенде мен әкемді аяп кетіп, осы еңбегіңе бір қазан сатып алуға болмай ма деп едім, жарықтықтың морт кеткені.

Осы ойыңмен, сен, бейшара жандайсың,
Шала бықсып, өмірде еш жанбайсың.
Бірін емес оның тауып аларсың,
Қара қазан сатып ала алмайсың.
Таңба көрсең ескілердің жүзінен,
Ізі емір, содан толы жүзі мең.
Мына тесік түскен қара қазанға,
Жеті анаңның қырғышының ізінен.
Билеп кетсе Құдайсыздық сиқыры,
Серпіл, таста — ойсыз тірлік ұйқыны.
Мына сенің жан-тәніңде, қаныңда,
Қырғыш қырған осы қазан қиқымы.
Мені аяма, өзіңді ая, шырағым,
Құдайым бар, бағдарым бар — Құраным!
Не болады күнің ертең, сорлылар,
Өз жаныңның сайламасаң тұрағын.
Қозғап кетті мені ауыр өктем үн,
Сезгендеймін сезім мұзын сөккенін.
Қазан маңы толып кетті елестен,
Сынай қарай сығалайды көкте, кім?
Содан бері ойға терең батам мың,
Содан бері құны қымбат қатамның.
Содан бері қара қазан басына
Шақырады үрейлері атамның.

Ақтау. 14.09.1993 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үлгерген жинап атақ пен даңқ

  • 0
  • 0

Үлгерген жинап атақ пен даңқ кісілер:
Айбыны — асқар, формасы — адам, мүсіні — ер!
Шығады-ау жоқ боп тарыдай сезім сол "тауда"
Өзгенің жанын, пақырдың қамын түсінер.

Толық

Бейбарыс сұлтанға

  • 0
  • 0

Ассалаумағалайкәм, Мәртебелім!
Бір өзіңнен табылар бар керегім!
Жеті ғасыр Жаһанды жалғыз кезіп,
Егіп кепсің жұртыңа нәр терегін.

Толық

Күлтегіннің ұрпағы — Иманғали!

  • 0
  • 0

Түркі тамыр, мен де бір, емен едім,
Келіп отыр: "Ей, Алла деме!" — дедім.
Ойы олқы соғар ма, Астанаға,
Ауылда өскен, қазақы, немененің.

Толық

Қарап көріңіз