Өлең, жыр, ақындар

Абай жылына ода

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 353
Өтіп бара жатыр бүгін бір жылым
"Шабыт жүген намыс мінген" жыр-жылым!
Байтақ Отан, шексіз Әлем — Сенің де,
"Абай" деген саңқ-саңқ етіп тұрды үнің!
Абай ойын, улылығын сыйғызып,
Шексіз көкке білек созған, бұл қызық!
Орындалған сол күн барлық мақсатым,
Арман үйін, Абай жайын тұрғызып!
Ең шабытты, ең бақытты бұл жылым!
Асау арман ұстап мінген дүлдүлін!
Бір немерем бірге толып, біреуі,
Есік ашқан бұл өмірге — гүл жылым!
Жиған жылым мақтау, атақ, түз гүлін,
Деген жылы туған елім — бізді "Ұлым!"
Алда үміт, бірақ сонша шаттықты,
Сыйлай алмас енді тіпті жүз жылың!
Өтіп бара жатыр бүгін бір жылым!

31.12.1995 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ықылас

  • 0
  • 0

Құмар дейді қазақ деген бір халық —
Жіберуге бар қонағын ырза ғып.
Ішпей-жемей үнемдейді, ал сосын
Шашады екен — туа біткен мырзалық!

Толық

Шала

  • 0
  • 0

Тiл - елiмнiң мұрасы сан ғасырлық,
Жыр тыңдадым iңiрдi таңға асырып.
Иiсiм шығып тұрады қазақылау,
Құрттайымнан кеткесiн қанға сiңiп.

Толық

Шәрбаттан балдай не пайда

  • 0
  • 0

Шәрбаттан балдай не пайда
Жұтқыннан әрі өтпесе.
Сұлудан "сұқсыр" не пайда
Тұшынып өзі өппесе.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер