Өлең, жыр, ақындар

Ықылас

  • 04.06.2022
  • 0
  • 0
  • 615
Құмар дейді қазақ деген бір халық —
Жіберуге бар қонағын ырза ғып.
Ішпей-жемей үнемдейді, ал сосын
Шашады екен — туа біткен мырзалық!
Берген мырза, алған ырза әрқашан,
Ат мінбесе тойдан киер жыр шапан.
"Бір тойым бар" дейді екен бабалар,
Жиған-терген, бәрін, сонда бір шашам.
Той құмарға немене екен керегі?
Толғандырар тартып ойдың тереңі
Әрі өздері — тойған түске, ықылас
Досқа мейір — естен кетпес деп еді.
Қазір нешік, ағайындар, бұ шағың?
Түгел ме осы — ата-баба нышаның?
Мырзалыққа есеп емес шашпалық,
Еш талғамсыз жайылмай ма құшағың?
Неге, неге талғамсыздау бұ құшақ?
Неге, неге аталардан біз ұсақ?
Келешегің не болады қарындас,
Ұрпағымыз кемтар болса бізге ұқсап?
Ысырапсыз жайылғай да бұ құшақ
Ысырыпсыз асылғай да бүкіл ас.
Қайғырмаймын кемиді-ау деп дәулетім,
Қайғырамын кеми ме деп... Ықылас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш

  • 0
  • 0

Сағынышпен келе қалдым ауылға,
Аунап-қунап көңілді дем алуға.
Нусыз-сусыз шөл даланы көргенде
Көңіл шіркін айналды ғой налуға.

Толық

Қара жұрт

  • 0
  • 0

Көң иiсiңдi, қара жұрт, сағындым ба,
Алдым қамшы сапталған тобылғыға.
Мұң шағар деп ескi жұрт кiм ойлаған,
Тiл бiтер деп Шектiбай, Шағыл құмға?!

Толық

Өшпеген із

  • 0
  • 0

Ертеде, ерте, ерте кез,
Ешкінің жүні бөрте кез.
Алыптар әлі болған кез,
Сол заманнан қалған сөз.

Толық

Қарап көріңіз