Өлең, жыр, ақындар

Шәрбаттан балдай не пайда

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 307
Шәрбаттан балдай не пайда
Жұтқыннан әрі өтпесе.
Сұлудан "сұқсыр" не пайда
Тұшынып өзі өппесе.
Аспанда күннен не пайда
Күлмеңдеп нұрын төкпесе.
Тұлпардан пырақ не пайда
Ұзатпай қуып жетпесе.
Атақты ұлдан не пайда
Ағайын сөзін кектесе.
Ақылды жаннан не пайда
Тентектің ісін сөкпесе.
Түнерген бұлттан не пайда
Маржанын жерге төкпесе.
Әкеден ұлға не пайда
Ақылы айтқан жетпесе.
Жарлыға бардан не пайда
Тырысып еңбек етпесе.
Байларға малдан не пайда
Қажетін өзі шектесе.
Тыңдаушым менен не пайда
Айтылған сездің бар нәрі
Құлақтан әрі өтпесе,
Жүрекке таман жетпесе.
Әкеден ұлға пайда жоқ
Маңдайын соқпай, арымай.
Анадан қызға пайда жоқ
Жоғалтса өзі арын-ай.
Данадан елге пайда жоқ
Өздері сүйіп танымай.
Батырдан жұртқа пайда жоқ
Шашылып кетсе тарыдай.
Соқырға ешбір пайда жоқ
Дегенмен қанша жарық ай.
Тыңдаушым, бойға сіңірші,
Азғантай сөздің нәрін-ай.
Бере алмаспын түгендеп
Бір жырмен қамтып бәрін-ай.

10.06.1992.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрт мезгіл

  • 0
  • 0

Қыс қорқытса сездіріп ызғар барын,
Қысылмайды жап-жас боп көктем — дарын.
Жағып жатыр көк бояу оңды-солды,
Ол өнерде танытты өктем барын.

Толық

Өңеш

  • 0
  • 0

Тойып тамақ іше алмаймын
Өңешімнен жаралы ем.
Содан болар, сеземін мен
Тірлік құнын шамамен.

Толық

Күрес

  • 0
  • 0

Жығылғандар жерден көзін алмайды.
Жеңімпаздар жерге көзін салмайды.
Бақ қонғандар тек биікке самғайды.
Тапталған ар оятады сан қайғы.

Толық

Қарап көріңіз