Өлең, жыр, ақындар

Үлгерген жинап атақ пен даңқ

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 247
Үлгерген жинап атақ пен даңқ кісілер:
Айбыны — асқар, формасы — адам, мүсіні — ер!
Шығады-ау жоқ боп тарыдай сезім сол "тауда"
Өзгенің жанын, пақырдың қамын түсінер.
Даналар бос жүр — тұғырдан аумай түсімен,
Сарапшы қайда — алатын танып ісінен.
Қалауын тапса қажары — ғажап ұрандай,
Әлемдік істер солардың тынар күшімен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абай сөзі

  • 0
  • 0

Ертеңнің сөзін сөйлеп кеше кеткен,
Қазағын адамзаттың шешені еткен —
Қарызға өсім үшін берген пұлдай,
Сөзінің құны күнде өседі еппен.

Толық

Қызыл теңдік

  • 0
  • 0

Аврора зеңбірегі
Жалын құсып кенеттен —
Бір-ақ сәтте бақ пен сорды,
Жоқ пен барды тең еткен.

Толық

Сыр ашу

  • 0
  • 0

Сыр ашсам ба, жарылып ағымнан мен…
Күйіп-жанбан үзіліп сағынғанмен.
Табиғатым жаратқан тұйықтау ғып,
Ешкім айтпас "туғаннан қағынған ең".

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер