Өлең, жыр, ақындар

Бейбарыс сұлтанға

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 576
(Атыраудағы ескерткіш түбінде)

Ассалаумағалайкәм, Мәртебелім!
Бір өзіңнен табылар бар керегім!
Жеті ғасыр Жаһанды жалғыз кезіп,
Егіп кепсің жұртыңа нәр терегін.
Бас иіпті Египет айбатыңа!
Бас иіпті Шыңғыс та қайратыңа!
Бас иді енді тарих — саған, қазақ,
Жатыр жауың, өсекшің жайратыла.
Ферғауындай құзырлы бабам менің!
Ғұмыр берген Ұлыға ғалам — керім!
Бір сұңқары оралып тұғырына,
Қуанышпен алады далам демін.
Өз атыңмен бар Әлем жаңғырықты!
Өз атыңмен Далаңа сән кіріпті!
Қазақ атын қосақтап ұлылыққа,
Қазаққа Сен теңгердің мәңгілікті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Обал-ай, бәрі алданды

  • 0
  • 0

Бақыттан сезіп тапшылық
Пенденің бәрі — арманды.
Тағдырдан күтіп жақсылық —
Обал-ай, бәрі алдады.

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Еміренген ботасына, жан-ана,
Қанша сүйсе мейірі оның қана ма?
Өкініш-ай, енді ержеткен шағыңда,
Мыңнан бірін қайыра алмау анаңа.

Толық

Аяныш

  • 0
  • 0

Осы ойыңмен, сен, бейшара жандайсың,
Шала бықсып, өмірде еш жанбайсың.
Бірін емес оның тауып аларсың,
Қара қазан сатып ала алмайсың.

Толық

Қарап көріңіз