Өлең, жыр, ақындар

Бәсеке

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 420
Жаны ашитын бабамның жабысына
Қазақтар жүр жарыста сағы сына.
Арғымағын оздырып ағылшынның,
Бір қазақ жүр мастанып, табысына.
Жатты-ау о да бесікте тербетіле,
Енді қалай қарайды ел бетіне.
Бәйгі алады бір қазақ Борбасарды
Түрікпеннің талатып төбетіне.
Қырсығы ма солардың — көшің қалық,
Ал мәңгүрт жан мәз-мәйрам, төсін қағып.
Болмас бауыр күтпесең бір күшікті,
Бір құлынды беретін өшіңді алып.
Сан таластың, бір кезде, өктемдермен,
Жетпей күшің қорланып кектенген ең.
Енді өш алшы, сайратып ана тілді,
Өзге тілмен өзіңді сөккендерден.
Бәстесемін — озасың бәрінен де,
Тарихтың, табиғат нәрі сенде.
Қазақ атаң қалпына қайта түсер —
Бойдан иіп беретін бәрін елге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жас табиғат, кәрі адам

  • 0
  • 0

Тайғанаймын, табанның бүрі кеткен,
Дірілдейді буыным, сірә, көптен.
Ақ аспаннан жылы қар құйылып тұр,
Қартаймайтын баяғы зеңгір көктен.

Толық

Күзгі бұлт

  • 0
  • 0

Құдіреттің сусындай боп,
Қас-қабағы жалбырап
Түнергенде, қорқыныштан
Дір-дір етті тал, құрақ.

Толық

Сын

  • 0
  • 0

Меңгеріп ұстаз тән ісін
Оқыттым көп жыл мүдірмей.
Шәкірттер ұғып мәнісін
Тапсырды сынын кідірмей.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар