Өлең, жыр, ақындар

Адай-ата

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 571
Өзіңнен өнген ұрпағың бастан баталы,
"Жер жарған" әр кез қазақта — адай атағы.
Қасиет қонған — машайық, пір де, әулие,
Қастерлеп үш жүз алпыстан астам атаны.
Аталса атың — жүрекке найза түк біткен,
Ұлыңды елің байрақты батыр деп күткен.
Ескендір, Кирге тойтарыс берген тұқымын,
Мыңдаған жылдар тұғырдан ерлік жоқ түскен.
Бір ұлың Бекет — демеген елін қолтықтан,
Ер Қармыс деген ерлігі асқан зор шыққан.
Кешірші, Ата, даңғойлау кейбір ұлыңды,
"Құдайдың өзі мен едім" деп те қорқытқан.
"Кім болдың екен?" деген бір ойға қаламын,
Атыңнан тұтап жалын боп кейде жанамын.
Дай деген батыр халықты мақтан етемін,
Жазуын оқып Геродот деген дананың.
Күйімісің, Ата, Құрманғазыны шалқытқан?
Отпысың, Ата, жігерін жаудың балқытқан?
Басы ма едің, қасиет қонған әуелде,
Әулиелердің, асатын үш жүз алпыстан!?.

Алматы, 20.06.1994 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асауға мінші

  • 0
  • 0

Жанымдай сүйдім жылқыны бала кезімнен,
Аялаушы едім көбірек, тіпті, өзімнен.
Күйдіре демін ешқашан зорлай шаппадым,
Болып ем ғашық ерекше ғажап сезіммен.

Толық

Бәсеке

  • 0
  • 0

Жаны ашитын бабамның жабысына
Қазақтар жүр жарыста сағы сына.
Арғымағын оздырып ағылшынның,
Бір қазақ жүр мастанып, табысына.

Толық

Жаным таза

  • 0
  • 0

Жаным таза — мақтанышым тірлікте,
Сезім таза — сақтамаймын бір бүкпе.
Жер-Ананы ластамай Ақырға —
Кете алардай бұл өмірді сүрдік пе?

Толық

Қарап көріңіз