Өлең, жыр, ақындар

Сезімді шақта

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 365
Сұлу мен жасқа тәнің тұрар иіп,
Пәк сезім, өтеуі жоқ, шыда күйіп.
Ақын жан сол шағымен асқақтайды,
Бал сезім беріле алсаң о да биік.
Көңілім ырайланып отырмысың,
Жастық шақ, еске түссе тасыр күшің.
Тәтті ойдың ләззаты менің еншім,
Кешіккен менен соң кеп ғасыр, түсін.
Оңаша, ғажап ойлар, бал бөбектей,
Қана ма құштар көңіл бал ғып өтпей
Сезімім сыйла маған үндес ойлар,
Жүректі жүрек тапсын жалғыз өтпей.
Болмайды-ау сол сезімді оятпасам?
Оятып, шіркін сосын, тояттасам!
Жанда — жаз, Тәнде — көктем, өзің — сері,
Ойда — ол, талтаң-талтаң, пай... аттасаң.

Атырау. 22.03.2002 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтелмес бұл өмірде қарыздармын

  • 0
  • 0

Тербетіп талай мені таң атырдың,
Қаның мен жаныңнан мен жаратылдым.
Парызын ең ақырғы өтей алмай
Топшысы сынып жатыр “қанатыңның”.

Толық

Тістеп емдік емшегін

  • 0
  • 0

Бауырға алып қол-аяғын
Сұлу суға секірді.
Өз осінен айналатын
Дәл жер шары секілді.

Толық

Күзгі бұлт

  • 0
  • 0

Құдіреттің сусындай боп,
Қас-қабағы жалбырап
Түнергенде, қорқыныштан
Дір-дір етті тал, құрақ.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар