Өлең, жыр, ақындар

Тістеп емдік емшегін

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1091
Бауырға алып қол-аяғын
Сұлу суға секірді.
Өз осінен айналатын
Дәл жер шары секілді.
Жер шары да аңдағанға
Сол қыз бала секілді.
Білмейді ешкім қай заманда,
Қашан, қайдан секірді.
Баланатын жылы мыңға
Шексіз көкті кезеді.
Жанға батар қылығына
Баласының төзеді.
Қатігез ұл тістеп емер
Ана емшегін қандатып.
Қорқыныш боп түске енер
Пайда іздеген, жан сатып.
Салдың жара өкпесіне –
Семейге де Невада.
Кепілдік жоқ кеппесіне
Амазонка, Нева да.
Тост айтыстық той жиында,
Арал тұзы емшекте.
Уран сәуле өз миыңда,
Қылмыс орнын көмсекте.
Табиғатты өз анаңдай
Сүймегесін іш тартып.
Жер де жатыр, о да қалмай
Ғұмырыңды қысқартып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жайлауда

  • 0
  • 0

"Төре жайлау", қауыштым мен сенімен,
Сұлулықтың, апырмай, сен шегі ме ең!?
"Мүсілім сай" бастауы - қарт әженің,
Иіп кеткен ұлына емшегі ме ең?

Толық

Құдайды ізде

  • 0
  • 0

Талғанда белің налыма, қалқам, ауырдан
Торықпа, тіпті қорықпа ешбір дауылдан.
Әділет ізде, Құдайды ізде қашанда,
Қалғанда көңіл қастыққа кеткен жауыңнан.

Толық

Өмір деген — қателер жиынтығы

  • 0
  • 0

Ұғып өскем табиғат дәрістерін
Сияқты еді бұл өмір жарыс керім —
Дейді бір қарт таңдана заманына,
Оймен шолып тыңдырған әр істерін.

Толық

Қарап көріңіз