Өлең, жыр, ақындар

Өліктің махаббаты

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 458
Сұп-суық топыраққа
Қалсам да көміліп,
Өзіңнен еш уақытта
Кеткем жоқ бөлініп!
Махаббат құмары,
Орын ап көрімнен,
Тыншығар жерде әлі
Шықпайды көңілден.
Өлерде михнатқа
Қорықпай көніп ем,
Батпақ ем рахатқа –
Айрылмай қойдым мен.
Бейнесіз нұр сәуле
Көрдім де көкседім,
Көркіңді әуеде
Көргенім жоқ сенің.
Құдайдың қайтпекпін
Нұры мен ұжмағын?
Онда өзім әкеттім
Жерімнің құмарын.
Арманымды аялап
Әмісе жалғыз бір,
Тірімдей мен қалап,
Қызғанам, жылап құр.
Тисе дебетіңе
Біреудің демі кеп,
Құса боп дертіңе
Кетемін дірілдеп.
Қапыда қалғып бір
Айтсаң да өңгені,
Өрт болып сөзің бұл
Шарпиды кеудені.
Өзгені қолқалау
Ойыңнан арылсын,
Өліктің, сөзім хақ,
Некелі жарысың.
Жалыну, қорқақтық –
Не демеу ол саған?
Дүние мен рахаттың
Керегі жоқ маған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі күн көзі

  • 0
  • 0

Жел тербеген ағаштарға,
Дымқыл, бусаң қара жерге
Бұлт пен тұман арасынан
Бозғылт, жансыз нұрын шашқан

Толық

Ләззатты сәт

  • 0
  • 0

Қалғаныңды оңаша
Қалды деме ел сезіп.
Жас сұлуым, балаша
Жақындай бер қол созып.

Толық

Эпитафия

  • 0
  • 0

Бақыл бол! Енді күн қайда
Көрісер бізге? Десе де,
Махшарда қауыстырғай да...
Кім білсін! Өзің кеше гөр!

Толық

Қарап көріңіз