Өлең, жыр, ақындар

Көрші

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 552
Кім болсаң ол бол, қайғылы көршім,
Сүйемін сені жас күнгі досым,
Жайы бір жақын жолдасым көріп.
Ойыншық етіп оспадар тағдыр,
Қабырға қалап ортаға қазір,
Жасырып мәңгі қойса да бөліп.
Түрменің сонау әйнегін биік
Шалғанда күннің шапағы тиіп,
Әлсіреп әрең қош айтып маған;
Таяныш мылтық күзетші біздің,
Өткенін ойлап шер басып жүзін,
Кетеді қалғып ұйқыға таман.
Сүйеніп жарға сонда мен дымқыл,
Тыңдаймын - жым-жырт іңірде сұрғылт,
Айтасың өлең әндетіп сен бір.
Білмеймін не айттың? –
Әйтеуір арман
Аңсаған әнің, көкіректі жарған,
Құяды жастай ағыл да тегіл.
Жастықтың үміт, махаббаттары
Тіріліп менің кеудемде тағы,
Кетеді самғап шарықтап көңіл,
Ойымды кернеп ынтық пен нәпсі,
Қаным бір қайнап - көзімнің жасы
Ағады жырдай ағыл да тегіл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жауап

  • 0
  • 0

Кімде-кім тартып азапты,
Жасытса жастық жігерін,
Қорқыныш, үміт ләззаты
Тебірентпес оның жүрегін.

Толық

Өсиет

  • 0
  • 0

Өзіңмен жеке, бауырым,
Келеді біраз кеңескім;
Ойынша мына қауымның
Көп жасай алар емеспін!

Толық

Менің демоным

  • 0
  • 0

Жауыздық қана тілейді,
Жайлайды түнек аспанды,
Тілейді кілең дүлейді,
Ну жылап, дария тасқанды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар