Өлең, жыр, ақындар

Өсиет

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 531
Өзіңмен жеке, бауырым,
Келеді біраз кеңескім;
Ойынша мына қауымның
Көп жасай алар емеспін!
Отырсың елге кеткелі,
Сұраса біреу... Жоқ, мені
Сұрайды дейсің қай адам,
Пенде жоқ мені аяған.
Сұраса егер бірақ та
Кім болса, мейлі, о болсын,
Кеудеге тиген бір оқтан
Тіл тартпай кетті, дегейсің.
Жаза алмай емші пәтшағар,
Отанын ойлап өлді де,
Қиды де жанын патшаға,
Сәлемін жолдап сөнді де.
Тірі ме, жоқ па ата-анам,
Білмеймін көптен оларды.
Қалады-ау қаусап қападан,
Естісе жаман хабарды.
Біреуі егер болса аман,
Дегейсің хатқа ол шабан,
Көп ойлап оны торықпа,
Кетті, де балаң жорыққа.
Көрші әйел болса - бір басқа..
Ойласам, ойбай, көп болды!..
Ол мені сұрап тұрмас та,
Айта бер бірақ өткенді,
Бүгесің одан сен несін,
Аяма қуыс кеудесін.
Байғұсың біраз жыласын..,
Әй, одан несі құрасын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Н. Ф. (Ивановаға)

  • 0
  • 0

О баста жаным қалаған
Оңаша ойға батқанды;
Барымды ішке қамағам –
Жат көргем шерлі балаға

Толық

Бұлттар

  • 0
  • 0

Көгілдір бұлттар, көшпелі бұлттар жөңкілген;
Мен құсап сен де айрылып, байғұс, еркіңнен,
Теріскей жақтың қалдырып көкшіл даласын,
Моншақтай шұбап күнгейге тартып барасың.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Кешікпе шалғай далада,
Жалынам, жаным, күтем, кел.
Бір сәтке маған қара да,
Қоштасып бол да кете бер.

Толық

Қарап көріңіз