Өлең, жыр, ақындар

Менің үйім

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 782
Күмбезді бүткіл аспанның асты үй маған, —
Ән қанатын қаққан жердің барлығы,
Өмірде мынау тіршілік біткен сыйды оған,
Ақынға да болмайды оның тарлығы,
Шатыры оның жұлдызға толы зерлі аспан,
Ал кеңдігі көз жеткісіз, мөлшерсіз:
Іргесін оның, шегімен жердің жалғасқан,
Көзбен емес, көңілмен тек өлшерсіз.
Адамдық ғазиз жүректе шындық сезім бар,
Мәңгіліктің қасиетті ұрығы:
Кеңістік шексіз, ғасырдың, тіпті, өзі де әр
Көзіңді ашып, жұмғандай-ақ бір ұғым.
Ғаламат сол бір үйімді менің құдірет
Сол бір шындық иеміз үшін жасаған.
Осынау үйде азап та шегем мың рет,
Тек сол және тыншу табар босағам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасын

  • 0
  • 0

Күркіреп жасын, бұрқырап бұлт,
Тұңғиық теңіз сұрланды.
Сіркіреп көбік, дүркіреп ұрып,
Тебісіп толқын тұлданды.

Толық

Дұға

  • 0
  • 0

Құшатындай шапағатты таң нұрын,
Жалбарынам, жалынамын, тәңірім,
Өтінбеймін өз басымды құтқар деп,
Тапсырамын бір сорлының тағдырын.

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Сол бір досың түсіп күйкі сезімге.
Бар үмітін саған артқан кезінде,
Қаперіңе сонда түк те кірмеді-ау,
Үрейлі өлім тұрғандығы көзінде

Толық

Қарап көріңіз