Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 360
Сол бір досың түсіп күйкі сезімге.
Бар үмітін саған артқан кезінде,
Қаперіңе сонда түк те кірмеді-ау,
Үрейлі өлім тұрғандығы көзінде
Білмедің-ау, шарасыздан ол басын,
Айбалтаға тосатынын өзің де.
Ардақтаумен келді тәтті өмірді,
Асқақ арман ту болды ақтық демінде.
Пендешілік деген онда жетеді,
Еш арамдық білінбейтін көңілде.
Оның зарын құлаққа ілмей жаратқан,
Қыршын жастың ерте қаны төгілді.
Бірте, бірте... ұмыт болып бәрі де,
Көрген түстей мәңгі кетер әріге.
Кекті жұрттың көз жасы да тиылар,
Қаһарлы елдің тарқар ашу-кәрі де.
Жалғыз ғана сенің бейнең аян боп,
Түнеп жүрер суып қалған тәнінде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ботагөз

  • 0
  • 0

Адамдары баяғының
Болады екен мүлде өзге,
(Сүю деген бар ғой ұғым).
Құлай сүйген көрер көзге.

Толық

Махаббат, бақыт мезі ғып

  • 0
  • 0

Махаббат, бақыт мезі ғып
Жіберген; мұңға көндігем.
Шалдуар шақтан безініп
Кешпекпін ғұмыр енді мен.

Толық

Дұға

  • 0
  • 0

Кінәлай көрме, жаббарым,
Жазаға, тоба, жазбашы:
Түнегін сүйіп жалғанның,
Нәпсіні қудым алдамшы;

Толық

Қарап көріңіз