Өлең, жыр, ақындар

Бородино даласы

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 371
1
Түбінде жаттық зенбіректің,
Түнімен жаттық, от жақпай,
Қылышын қайрап, күбірлеп кім
Дұғасын оқып тақпақтай.
Таң бозынан тұрды дауыл,
Басымды мен бұрдым-дағы,
Былай дедім жолдасқа:
"Бостандық жыр тыңда, бауыр,
Соған ұқсас мына дауыл".
Есіне алып жылдарды ауыр,
Естімеді ол баста.

2
Барабан кенет қақты дабыл
Шығыстан тұман дүркіреп,
Зеңбіректен жау атқылады,
Дүрлікті жер-көк күркіреп.
Алға шықты бас қолбасшы,
Үні қатқыл, шықты да ащы:
"Артымызда — Москва!"
Біз де жауды ұра білдік,
Біз де жауды қыра білдік,
Сертте адал тұра білдік,—
Дұшпан куә, дос куә!

3
Полтава, Рымник, Чесмаларың
Бұл жерде, сірә, сөз бе екен?
Даңқ еді онда тосып аларың,
Шыдап бақ мұнда, төз бекем.
Кетті бұрқап, оқ ысқырып,
Қатарымыз оқыс құрып,
Шоқынып та алдым мен.
Жолдасым да құлап түсті,
Кек кеудені бұрап қысты,
Ажал оғы жыраққа ұшты, —
Жауға атой салдым мен.

4
Бас алға, алға! Анталаймыз,
Есімде түк жоқ басқадай.
Қайтадан беріп, қайта аламыз;
Алты рет болды тап солай.
Көлеңкедей ту жылжыған,
Жердегі қан уылжыған,
Қара түтін деміккен,
Төбеде аспан қан жылады,
Діңке құрып, қалжырадық,
Оқ та ұша алмай қалды қазір
Тау боп тұрған өліктен.

5
Әулиелік үн семсе де,
Көкте, тіпті, күн сөнсе де,
Ұрпақтардың жүрегінен
Бұл даңқ қалай тарқасын.
Өліге тірі араласып.
Сұп-суық жетті қара түн,
Өліктер жатыр далада ашық,
Жамылып түннің қанатын
Зеңбіректер дамылдады,
Барабандар дабылдады,
Жау шегінді, састы анық;
Бұл күн кетпес, тегі, есімнен!
Бітсе еді-ау деп тек осымен,
Бір өліктің денесін мен
Жата кеттім жастанып.

6
Ұйықтадық тас боп, түн еді бұл
Шешілер Отан тағдыры.
Құрбандар бетін, міне, бүгін
Аялап, өпті таң нұры.
Тектен-текке айта ма адам,
Кетті Рымник, Полтавадан
Бородино даңқы асып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда

  • 0
  • 0

Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда,
Қыр сауырын күз күніне тосқанда,
Төмендегі тас арналы дария ұқсайды
бір тасып аққан жас қанға.

Толық

Дұға

  • 0
  • 0

Құшатындай шапағатты таң нұрын,
Жалбарынам, жалынамын, тәңірім,
Өтінбеймін өз басымды құтқар деп,
Тапсырамын бір сорлының тағдырын.

Толық

Үш құрма

  • 0
  • 0

Арабтың құмдарында жатқан күйіп
Өсіпті үш құрма ағаш зәулім биік,
Құнарсыз түбіндегі топырақтан
Мөп-мөлдір тұма шығып толқи аққан.

Толық

Қарап көріңіз