Өлең, жыр, ақындар

Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 412
(7 тамыз, деревняда, төбедегі дуал жанында.)

Нұр боп көшіп ақша бұлттар аспанда,
Қыр сауырын күз күніне тосқанда,
Төмендегі тас арналы дария ұқсайды
бір тасып аққан жас қанға.
Желбегейін иығына жамылып
Жас келімсек төбеде отыр жаны ұлып.
Көкірегі көтеріліп қояды
Құса-дерті қинағандай жабылып,
Мың құбылып сезім сыры беттегі, -
Не іздейді өзі? -
Тыныштық па? -
Жоқ, тегі!
Қарайды алыс жолақ-жолақ маңайға:
Сұйық бұта қойылады көк ойда,
Сосын кезің тіреледі далаға,
Дала барып ұштасады тоғайға.
Бұл дүние бақ сияқты көктеген
Сарғайғанда қаза гүлден көп төмен.
Адам біткен асығады бишара
Сорлылыққа арманындай жетпеген.
Жаратылыс жек көрсе де, ондайдың
Кейбіреуін патшаларша қолдайды.
Ондай жандар жаратылған бір басқа
Тағдырына шағынбасын құр босқа.
Өйтер болса, табиғаттың қойнынан
Өсіп шыққан жылан дейді сарқасқа.
"Бұлданған боп жүре берсін жүрсе өзі,
Айтса сұлу сүйем деген бір сөзін,
Жетіп жатыр, тірлігімді қоңырқай
Шұғылаға бөлер еді нұр-сезім!" –
Деп ойлады қырсыз жігіт дөңдегі,
Бірақ көктен тіленгісі келмеді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақталу

  • 0
  • 0

Атыңды сенің аяулы
Жүретін айтып ескеріп,
Адасқан көңіл-қаяулы
Кетсем тастап естелік,

Толық

Ботагөз

  • 0
  • 0

Адамдары баяғының
Болады екен мүлде өзге,
(Сүю деген бар ғой ұғым).
Құлай сүйген көрер көзге.

Толық

Бородино

  • 0
  • 0

"Айтыңызшы, маған, ағай,
Бермепті ғой французға жай
Өрт ұйпаған Москваны.
Болыпты ғой қырғын майдан,

Толық

Қарап көріңіз