Өлең, жыр, ақындар

Үн

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 252
Не деген үн! Тыпыр етпей тыңдаймын,
Баурап алды-ау сезімді.
Бүкіл әлем естен шығып мұндайда
Ұмытамын өзімді. Құдіретті үн!
Жан дүниеңді қозғаған,
Құйылады құлаққа.
Жолаушыдай шел далада кез болған
Мөлдір, салқын бұлаққа!
Менің марғау көңіліме ол енді
Қайта құйды жігерді.
Табан асты мынау байтақ әлемді!
Құлпыртты да жіберді.
Құрметімді көз алдыма келтіріп,
Құлпырды бар жер тегі.
Көкіректі күйінішке толтырып,
Өзекті мұң өртеді,
Еске түсіп кешегі ауыр мұң сезім,
Зар-запыран төгілген,
Осы кезде жұрттың жылы бір сөзін
Медеу етем көңілге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оссианның табыты

  • 0
  • 0

Түкпірінде сұр тұман,
Далада, боран, дауылда,
Моласы тұр Оссиан
Шотландиям тауында.

Толық

К...

  • 0
  • 0

Дидарластық,
Душарластық кез келіп,
Діңкелеппіз екеуміз де өзгеріп.
Дүрмек жылдар керуені кідірмей

Толық

Мөп-мөлдір жанарың жанады

  • 0
  • 0

Мөп-мөлдір жанарың жанады
Аспандай көгілдір
Сүйістей баурап бір барады
Әніңді төгілдір.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар