Өлең, жыр, ақындар

К...

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 401
Дидарластық,
Душарластық кез келіп,
Діңкелеппіз екеуміз де өзгеріп.
Дүрмек жылдар керуені кідірмей
Ғайып бопты үлгергенше көз көріп.
Жанарыңа жалын іздеп үңілем,
Толқын тулап өз көңілім түбінен.
Зақымдапты-ау, сені-дағы, мені де,
Зұлмат тұрмыс зілмауырлы жүгімен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үміт

  • 0
  • 0

Гүл көмкерген жұмағыңның ермегі
Күміс көмей сандуғашым бар менің.
Бірақ оның сәби талға қонақтап,
Бір де күндіз сайрағанын көрмедім.

Толық

Бас қосудың зәуімен бір

  • 0
  • 0

Бас қосудың зәуімен бір,
Уанышы болды қысқа.
Қош дерге әрең келді ғой тіл,
Амал бар ма аттанбасқа.

Толық

Жасын

  • 0
  • 0

Күркіреп жасын, бұрқырап бұлт,
Тұңғиық теңіз сұрланды.
Сіркіреп көбік, дүркіреп ұрып,
Тебісіп толқын тұлданды.

Толық

Қарап көріңіз