Өлең, жыр, ақындар

Толғаныс

Із іздеп жүргенде, шөліркеп сусасаң,
Бақыт деп жүргеннен төгілсе басқа мұң.
Қарайып кеудеңде кесек ет кетсе егер,
Шөк демей шөксе егер аспандай асқарың.
Сұрама ешкімнен, күтпегей жылылық,
Жанарың жасырсын түкпірде мың арман.
Қулықтың түр-түрін жасап жүр түлкілер,
Жер үстін солар-ақ басады сыңардан.
Қиғашы құбылған бұралаң жолдар көп,
Шытырман шатқалдар тосады тұзақпен.
Қаңбақшыл күй кешіп өтпегей тамырсыз,
Өмір деп аталар ми дала ұзақ,кең!
Көкектей құбылсаң, қисынсыз тағдырдың,
Қалмайды еш мәні, өш бәрі бір саған.
Жолыңда тек сенің мысықтар жүрмейді,
Тек сенің төбеңде құзғындар ұшпаған.
Табаның тесілсе бақ іздеп, жоқ қуып,
Жабысқан күйікті бір сілкіп тастасаң.
Ертегі айтуға шеберлер дәл мендей,
Ертегі айтады, "шаршау" деп бастасаң!
Түбінде торсықтың қалса егер қасқа жын,
Ысқылап шығар да тілек айт бокалсыз.
Кеспесін кескілеп отырған кемпірді,
Он сегіз жасына қайтадан апарғыз.
Жұрт айтты махаббат тәтті деп, сәтті деп,
Сәтті бір қыл арқан мойныңды ораса...
Жұрт айтты махаббат ащы деп, басшы деп,
Құрысын қашып кет, махаббат жоласа!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз