Өлең, жыр, ақындар

Жауынгер моласы

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 412
(Ой толғау)
I
Жатыр ұйықтап мәңгі мұнда,
Жатыр шықпай шаң-дағы.
Бір төмпешік қалды қырда
Жасыл тепсең жан-жағы.

ІІ
Аппақ шашы қайран шалдың
Қалды құмға көміліп.
Тұрушы еді сайран сау күн
Иығына төгіліп.

ІІІ
Ақ шаш еді-ау, аппақ еді
Толқын шашқан көбіктей.
Әңгімеге епті-ақ еді
Қалды мәңгі илікпей.

IV
Қас-дұшпаны тұнар еді
Көріп отын көзінің,
Сол дұшпандай, қуарды енді
Өлі жүзі өзінің.
Жас топырақ жамылды төс,
Ауырламас ол бірақ.
Қозғалар деп қорқар емес,
Күрт жүр тәнін аралап.

VI
Бейітіне, түскенде ымырт,
Қондыруға тұз құсын.
Соған бола ерлік қылып
Асынып па еді қылышын?

VII
Арнады, рас, ақын не бір
Оған талай өлеңді.
Өлең-өлең, өмір-өмір,
Оянбайды ол енді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Купидонның жаңылуы

  • 0
  • 0

Эротты бірде әйелдер сойып салды.
Кек қайнап, ыза буып сорлы бала
Қаһарлы қу садағын қолына ала
Атуға бәрін көздеп шақ-шақ қалды.

Толық

Қазақтың бесік жыры

  • 0
  • 0

Ұйықта, ақ бөпем, бөбегім,
Әлди, әлди, әлди-ай.
Бесігіңде өбемін
Деп тұр,лер көктен жарық ай,

Толық

Бәйтерекке

  • 0
  • 0

Біраз болды тұратынсың сүйінтіп
Жамылып сен көз алдымда жасыл нұр.
Қабығыңа мені теліп күй ынтық
Сендім оған арманымды асыл бір;

Толық

Қарап көріңіз