Өлең, жыр, ақындар

Махаббат, бақыт мезі ғып

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 357
Махаббат, бақыт мезі ғып
Жіберген; мұңға көндігем.
Шалдуар шақтан безініп
Кешпекпін ғұмыр енді мен.
Жүре алман қамсыз һәм үнсіз.
Елемен қауым датын да;
Мұхит па - мұхит дауылсыз?
Азапсыз ақын ақын ба?
Үстімен жүрмей ауырдың
Бейнетте сынар бағың шын.
Сүйікті құлы ол тәңірдің,
Жалған даңқыңды неғылсын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқындар мен адамдар

  • 0
  • 0

Толқынды толқын қуалап,
Ағады шулап, шолпылдап.
Адамдар сондай сүреңсіз,
Барады лек-лек топырлап.

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Жатырмын Дағыстанның аңғарында,
Кеудемде шықпаған сол жан барында.
Езеді қорғасын ой, жаным жара,
Амалым әлі менің дағдаруда.

Толық

Шайқас

  • 0
  • 0

Ойқастап аспан өр төсін
Төбемде бір күн самғады –
Тәңірінің екі еркесі
Шартпа-шұрт келіп қалғаны.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар