Өлең, жыр, ақындар

Дұға

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 525
Кінәлай көрме, жаббарым,
Жазаға, тоба, жазбашы:
Түнегін сүйіп жалғанның,
Нәпсіні қудым алдамшы;
Шипалы шырын лебіңді
Адасып ойым, өзіңді
Тұтпадым ұзақ жадыма;
Толқыны тулап шабыттың
Кеудеме сыймай кернеді;
Қайратты көлдей ағыттым,
Көзім де түкті көрмеді;
Кең дүние маған болды тар,
Тәубеден қорқам, жасаған,
Жырымды толғап күнәкар,
Етпедім құлдық мен саған.
Ал бірақ осы от ғажайып
Жалынын ұйтқып шашпаса,
Обаған көзім қарайып,
Жүрегім тас боп тоқтаса;
Азапты жырдың шөлінен
Азаттық тисе жаныма,
Жолыңды іздеп, о ием,
Табармын сені тағы да.
***
Жалқы өсіп өзім мұншалық,
Болды да жаттан баспанам,
Кеудемде асау бір шабыт
Асқақтай түсе бастаған.
Азаптан бір сәт арылып,
Өрт өңді досқа еріппін,
Шабыттың асқақ бәрі ұмыт,
Тірліктен тағы зеріктім.
Тағы да, міне, дара қап,
Кеудеме қайта көшті мұң,
Азғындық жанды жаралап,
Бермей де қойды-ау еш тыным.
Сорымды ойлап бүгін кеп.
Түк таппай қойдым жанымнан:
Бұрынғы мақтан, бұрынғы өрт,
Ащы жас, асқақ жалыннан.
* * *
Көкте жалғыз
Жанған жұлдыз
Назарымды
Көп бөледі,
Арманыма
От береді
Шақырады
көкке мені.
Сол жұлдыздай
Жанар болған
Соған жаным
Алаң болған.
Азап көрсе ол
Төзе алмаған
Сол жұлдыздай
Көз арбаған.
Кірпік қақпай
Қарай берем,
Үмітсіз көз
Қадай берем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бесіктегі сәби

  • 0
  • 0

Шіркін-ай, сәби бақытты-ау,
Бесікте еркін керілер,
Есейген ертең уақытта
Дүниең тар боп көрінер.

Толық

Өкініш

  • 0
  • 0

Бекерге бүліне берме сен,
Тағдыр ма бөлген іргені?
Шығарда жаны бірге еді,
Өзіңнен өзің көрмесең.

Толық

Жаңбырдан соңғы кеш

  • 0
  • 0

Қараймын мен терезеге:
Кешкі шапақ сөніп жатыр,
Шатыр менен кенереге
Соңғы нұрын төгіп жатыр.

Толық

Қарап көріңіз