Өлең, жыр, ақындар

Элегия

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 413
Түнгі толқын, шашырай гөр, шашыра,
Жағалаудан тұманды қу, жасыма.
Жар жағалап, келдім теңіз қасына;
Талай ойлар келіп-кетіп басыма,
Жалғыз өзім, жамағатты жатсынып,
Сырымды айтпай, айттым сенің тасыңа.
Таяу жерде балықшылар шатыры,
Алаулайды қонақжай от лапылы.
Отыр бәрі от басына иріліп,
Қарияның хикаясын қызықтап,
Көзін сүзіп жатар-тұрар асына!
Менің жаным ол бақыттан аулақ тым.
Өрті есімде енді оралмас думанның,
Көркі есімде алдамшы, алыс бау-бақтың.
Соныменен? - кірпіктен жас сорғалап,
Көкіректі күйкі ойға жаулаттым.
Өткен өмір маза бермей ондалап;
Мөлдіреген мұңға толы жанарды
Ұмыт, ұмыт - деумен алдым мазамды.
Көз алдымнан кетпей қойды: бекер-ақ!
Егерде мен елде тусам, шіркін-ай,
Адамдарға бермейтұғын азарды,
Тағдырыма болар ем ғой риза –
Тек одан да ерте тарттым жазамды!
Жас шағында, жүзін жайлап қартаңдық
Қалғаннан да бар ма бетер кемтарлық,
Бәйек болар бар үміттен пәк кешіп,
Жадау жанды қойған жаман жалтақ қып;
Қайғыруды білген бар ма дәл мендей,
Шерменде боп қалған жалғыз жан ба екем.
Туған жердің саясына мән бермей
Өз еркімен қуғын кешкен бар ма екен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Н. Ф. (Ивановаға)

  • 0
  • 0

О баста жаным қалаған
Оңаша ойға батқанды;
Барымды ішке қамағам –
Жат көргем шерлі балаға

Толық

Жалғыз-жалқы меңіреу теріскейде

  • 0
  • 0

Жалғыз-жалқы меңіреу теріскейде,
Қарағай тұр тап-тақыр бір төскейде.
Теңселеді, қалғиды қысты көріп,
Ақ шапандай күміс қар үстін көміп.

Толық

Дұға

  • 0
  • 0

Құшатындай шапағатты таң нұрын,
Жалбарынам, жалынамын, тәңірім,
Өтінбеймін өз басымды құтқар деп,
Тапсырамын бір сорлының тағдырын.

Толық

Қарап көріңіз