Өлең, жыр, ақындар

Жаңбырдан соңғы кеш

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 387
Қараймын мен терезеге:
Кешкі шапақ сөніп жатыр,
Шатыр менен кенереге
Соңғы нұрын төгіп жатыр.
Соңғы сәуле мұржаларда,
Крестерде тоқтай қалып,
Шағылысып мұң - жанарда,
Жарқылдайды оттай жанып.
От жиекті бұлт көшеді,
Айдаһардай көзді тартып,
Бақты аралап жел еседі
Дымқыл шөпті толқындатып.
Шөп ішінен бір гүл көрдім
Қауырсындай солқылдаған,
Жапырағында тамшы дүрдің
Дәл өзіндей жалтылдаған.
Бойжеткен де бір сорлы гүл,
Көңілі семіп, күні өткендей,
Көзінен жас тамса да бір
Өз мұңына өзі елткендей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрекке жетті уақыт

  • 0
  • 0

Жүрекке жетті уақыт,
Аптықпай тыным алатын,
Соқтырар аттай тулатып,
Жаны өзге күйіп жанатын.

Толық

Асмодейдің тойы

  • 0
  • 0

Шайтан тойы. Топырлап келе жатты
Түрлі ұсақ жын, аруақтар бәрі мұнда,
Қопарып кухмейстрлер бар тамақты
Қалтыраған күзетші тұрды ауызда.

Толық

Өліктің махаббаты

  • 0
  • 0

Сұп-суық топыраққа
Қалсам да көміліп,
Өзіңнен еш уақытта
Кеткем жоқ бөлініп!

Толық

Қарап көріңіз