Өлең, жыр, ақындар

Жалғыздық

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 694
Жалғыздық деген сор екен
Тигенде тұрмыс соққысы,
Қуанышқа ортақ кеп екен,
Қайғыға ортақ жоқ кісі.
Құдай жалғыз, мен жалғыз,
Жүректі дертке шалдырдым.
Өткен дәурен - көрген түс,
Үкімі солай тағдырдың.
Сынаптай сырғақ уақыт бұл
Оятар ескі арманды,
Аулақта күтіп табыт тұр.
Кетейін қимас нем қалды?
Қиналар біреу болар ма
(Сенімім оған зор менің),
Рахат болар оларға
Туғанымнан өлгенім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кремльді кім көрді арай таңында

  • 0
  • 0

Қала үстін тұман жапқан шағында
Ақ патшадай храмдардың жанында
Дәу мұнара жарқ еткенде ерлікпен,
Кремльді кім көрді арай таңында?

Толық

...ға

  • 0
  • 0

Аузымнан шықса-дағы назалы үн –
Мүсіркеме! Болман ешкім мазағы.
Жо-жоқ! Көрген менің барша азабым –
Сазайымның әлі азын-аулағы.

Толық

Дұға

  • 0
  • 0

Құшатындай шапағатты таң нұрын,
Жалбарынам, жалынамын, тәңірім,
Өтінбеймін өз басымды құтқар деп,
Тапсырамын бір сорлының тағдырын.

Толық

Қарап көріңіз