Өлең, жыр, ақындар

...ға

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 293
(Байронның Мур жазған өмірбаянын оқығанда)

Аузымнан шықса-дағы назалы үн –
Мүсіркеме! Болман ешкім мазағы.
Жо-жоқ! Көрген менің барша азабым –
Сазайымның әлі азын-аулағы.
Жаспын: бірақ, жүрек толы долы дем,
Байронменен тайталаспақ үмітім:
Илһамым бір, қайғым да бір онымен,
Ақырында болса деймін бір ұтым.
Дәл өзіндей, еркіндікке құлшынып,
Дәл өзіндей, жастық шақта маздағам.
Көк пен жердің дауылынан тұншығып,
Күн батарда құздан құлай жаздағам.
Өңменімнен өткізіп ой өкпегін
Дәл өзіңдей өзеуреппін мен де көп:
Артқа бақсам - енді өкініш өткенім,
Алға бақсам - алдарқатар пенде жоқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шумақтар

  • 0
  • 0

Зерігіп елде жүдедім,
Кетейін қанды қырғынға,
Өзің деп соққан жүрегім
Жоғалар ма екен құрдымға.

Толық

Бейдауа дерт кеудемде, кемеліме келген ем

  • 0
  • 0

Бейдауа дерт кеудемде, кемеліме келген ем,
Оған, тіпті, енді ем жоқ!
Мейлі ғой! - бұл фәниде қызық қуған пенде емен,
Жұрт деп өмір сүргем жоқ.

Толық

Альбомға

  • 0
  • 0

Назарын жұрттың аударған
Жапанда жалғыз моладай,
Параққа мынау сарғайған
Шыдай алмассың қарамай.

Толық

Қарап көріңіз