Өлең, жыр, ақындар

Өкініш

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 431
Бекерге бүліне берме сен,
Тағдыр ма бөлген іргені?
Шығарда жаны бірге еді,
Өзіңнен өзің көрмесең.
Ессіз-ау, түсіп қолыңа
Тұр еді дерттен дін аман,
Жаны пәк, таза күнәдан,
Жоғалтып алдың соны да.
Құмарлық отын жақтың да,
Көрмек ең күйіп-жанғанын,
Әрі қарай сүйе алмадың,
Ләззатын оңай таттың да.
Бәрінен жеріп өз басың,
Шөлдегі жалғыз ағаштай,
Көрсең де, тұрсың жақ ашпай,
Күнәсіз ғашық көз жасын.
Құдайым артық шаттығын,
Қиған ба бізге осындай,
Өтерсің өксіп, қосылмай.
Басылмай жатып аптығың.
Сүйерсің, тіпті, сен кейде,
Ернін бір сұлу қардың да,
Сол шақта көзің алдында,
Тұрар-ау асыл сол бейне.
Енді ме, енді шын бар да,
Аяғын құш та, жалбарын,
Кешір, деп өтін бәр-бәрін,
Тозаққа түспей тұрғанда.
Мейлі, енді кімге бас ұрдың,
Бәрі де ондай болмас-ау,
Орыны мәңгі толмас-ау,
Айырылған алғаш асылдың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оссианның табыты

  • 0
  • 0

Түкпірінде сұр тұман,
Далада, боран, дауылда,
Моласы тұр Оссиан
Шотландиям тауында.

Толық

Мөп-мөлдір жанарың жанады

  • 0
  • 0

Мөп-мөлдір жанарың жанады
Аспандай көгілдір
Сүйістей баурап бір барады
Әніңді төгілдір.

Толық

Бәйтерекке

  • 0
  • 0

Біраз болды тұратынсың сүйінтіп
Жамылып сен көз алдымда жасыл нұр.
Қабығыңа мені теліп күй ынтық
Сендім оған арманымды асыл бір;

Толық

Қарап көріңіз