Өлең, жыр, ақындар

Есімде, бәрі де есімде

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 847
Есімде, бәрі де есімде,
Өмірдің керуен көшінде,
Шомылды балалық шағымыз,
Теңіздің толқынды төсінде.
Айта алам сағынсам сыр кімге,
Кіршіксіз күн шуақ күлкіңде,
Балалық шағымның, достары-ай,
Сендерді аңсаймын бұл күнде.
Көңілі — сүттей ақ, аппақ Ай,
Басына қонғандай бақ талай,
Ойнаған өмірге еркелеп,
Толқында толқыған шақтар-ай.
Тірлік бұл — тоқтатпас өз көшін,
Жүрекпен, жаныңмен сезгесін,
Қазірде бәрің де, достар-ай,
Балалы-шағалы кездесің.
Өмір ғой, өмір бұл несі бар,
Ағысты, толқынды көші бар.
Балаңды ойнатып отырып,
Аяулы достарды есіңе ал.
Ойласаң — оянар нәресте,
Есіңде өткеннің бәрі есте.
Балаңның көзіне көз салып,
Арманды досыңды ал еске.
Жанарда сәбилік жана ма от,
Өткен күн оралмас, шара жоқ,
Өмірде ойнай да алмаймыз,
Енді біз ешқашан бала боп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күз демі

  • 0
  • 0

Күздің алтын жапырағы сарғайды,
Алтын сәуле жанарыңды арбайды,
Алтын шапақ арайланып батады,
Алтын таңым жүрегімді жалғайды.

Толық

Отарға келдік Отарға

  • 0
  • 0

Отарға келдік Отарға,
Ұйықтап жатыр ботам да,
Мен ояумын өмірде,
Ұйықтап жатыр Отанда!

Толық

Жел

  • 0
  • 0

Жел-тағдыр жетектейді оңды-солға,
Созасың жеткізер деп қолды сонда.
Ышқынып ызыңдайды желмен бірге,
Жаурады тоңды жүрек, тоңды жолда.

Толық

Қарап көріңіз