Өлең, жыр, ақындар

Күз демі

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 523
Күздің алтын жапырағы сарғайды,
Алтын сәуле жанарыңды арбайды,
Алтын шапақ арайланып батады,
Алтын таңым жүрегімді жалғайды.
Күздің демі бірде жылып, бір мұздап,
Содан ба әлде жүрегім де жүр сыздап,
Жапырақтар жаурап үнсіз тіл қатқан,
Мен де үнсізбін, мен қалдырған үнсіз бақ.
Күз әлемін күзге енгенде сезіндім,
Тамшылайды жаңбырлары сезімнің,
Күмән ойнап бержағында жанардың,
Сағым ойнап аржағында көзімнің.
Жел желпіді. Сар жапырақ үзілдің,
Түнергендей бұлт тартқаны жүзімнің,
Келе жатыр сапар шегіп күз баяу,
Іштей тынған жұмбағы көп күзімнің.
Аққу құстар қанатымен жүзді аспан,
Күзгі тірлік, күзгі бояу, күзгі аспан,
Алда ақ қар, қыс аязы мұз басқан,
Жадымдағы кейін қалған із – дастан.
Әуеніңе айналайын салшы әудем,
Жүрек дос қой Тәңір қолдар жан саумен,
Күз дегенің сағыныш қой сары алтын,
Көктем-жазын бара жатқан аңсаумен!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын көңіл

  • 0
  • 0

Жүректерді жырмен ашар кілт болып,
Жыр оқысаң — Жер қайысқан жұрт толып,
Найзағайға темекіңді тұтатып,
Нөсерлесең — көкірегіңе бұлт қонып.

Толық

Алты алаш

  • 0
  • 0

Ұтылады, ұтады,
Бірге ауаны жұтады.
Ағайыным,
Алты Алаш,

Толық

Үш тармақ

  • 0
  • 0

Жайымды бірі білмей, бірі біліп.
Қуанып дұшпанымның, бірі күліп,
Бір досымнан айрылдым – тірі жүріп.
Өзекті жанға бір өлім, қаза бар-ды,

Толық

Қарап көріңіз