Өлең, жыр, ақындар

Отарға келдік Отарға

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 457
Отарға келдік Отарға,
Ұйықтап жатыр ботам да,
Мен ояумын өмірде,
Ұйықтап жатыр Отанда!
Көрдім солай Отарды,
Оятпадым ботамды.
Күзетіп өлең-жырыммен,
Отырмын түнде Отанды!
Жауыздар жерден жоғалсын,
Жақсылар қайтіп, оқ алсын...
Ұйықтасын әлем мызғысын,
Мазасыз дүние дем алсын!
Демалсын ұлы Отан да,
Ұйықтасын балам, ботам да.
Тоқтады менің поезым,
Осы бір жайлы Отарға!
Қалдырған жүйрік ой ізін,
Вагондар ұзын, бойы ұзын.
Тоқтап, қайта жүрмекші,
Мен мінген жүйрік поезым.
Поезым қайта жылжыды,
Вагоным жылы, күн жылы.
Жарым да жатыр ұйықтаумен,
Тербеткен әлем түн мұны.
Ұйқысы-ай мынау ботаның,
Бәрі де менің Отаным.
Қайта айналып көргенше,
Қош бол, менің Отарым!

24-25 наурыз 2014 жыл
Астана-Алматы сапары
9 вагон
Қостана-Алматы поезы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы бір үй, қария және немере

  • 0
  • 0

Қарт жүрегін қинаған
қия алмастық ізгі мұң,
Осы бір үй ұрлаған
кемпірінің қыз күнін.

Толық

Тағы да сүй, тағы да

  • 0
  • 0

Тағы да сүй, тағы да,
Жаралғандай бағыма,
Көзіңнің қара-ағына,
Қараймын, жаным, сағына.

Толық

Еркек-әйел қиялдайды

  • 0
  • 0

Еркек-әйел қиялдайды,
Кім сұлуды сүйе алмайды,
Әйелдер ардан кетсе,
Еркектер жия алмайды.

Толық

Қарап көріңіз