Өлең, жыр, ақындар

Тізбегі құстың ғажап ұшқанда

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 405
Тізбегі құстың ғажап ұшқанда,
Жетеді сыңсып сазы алыстан да.
Көмкеріп бидай кең дала төсін,
Қараша келді Қазақстанға.
Қараша келді, қараша келді,
Сары түк басты аласа белді.
Қозы-лақ тойып, секіріп көкке,
Енесін еміп таласа берді.
Алтын түске еніп қарады аймақ,
Бұрқылдап сыртта самауыр қайнап.
Симфония айтты оркестр тілі,
Серпіліп қала, дала бір жайнап.
Қызықпен жүрміз келте етіп түнді,
Елең қылмастан кем-кетік мұңды.
Сырнай сазына үн қосып едім,
Қамыстың басы селт етіп тынды.
Көз жасын жаңбыр төксе түлеген,
Құшағын жайды көкшатыр емен.
Жапырақ ұшты, құс ғайып болды,
Осынау байтақ Қазақстанда
Қараша ғана өкше тіреген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір деген қиын емес, күрделі

  • 0
  • 0

Өмір деген қиын емес, күрделі,
Тұтқын болып тырмаладым түрмені.
Аңқылдаған ағыстардан өте алмай,
Бөгеліп ем, соққан самал жүр деді.

Толық

Есігіңді ашып қой

  • 0
  • 0

Есігіңді ашып қой,
Күз боп бір күн келем мен,
Жапырақ боп құйылатын өлеңмен.
Тыныштық боп,

Толық

Барады қайран Уақыт жылдам ұшып

  • 0
  • 0

Барады қайран Уақыт жылдам ұшып,
Уыстап көк теңізді тұрған ішіп.
Өзгеге өз дауысын жеткізе алмай,
Шындықтың жақ сүйегі тұр қарысып.

Толық

Қарап көріңіз