Өлең, жыр, ақындар

Есігіңді ашып қой

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 494
Есігіңді ашып қой,
Күз боп бір күн келем мен,
Жапырақ боп құйылатын өлеңмен.
Тыныштық боп,
Мүлгіп-мүлгіп жатам да,
Тырна болып тыраулаймын төбеңнен.
Босағаңды бөтен біреу көрмесін,
Жаппа гүлді терезеңнің пердесін.
Менің ғашық үнімді тап, аяулым,
Сипала да күйсандықтың пернесін.
Таң асығып жетер саған арайлы,
Гүл ішінен көзім саған қарайды.
Өзіңе деп айтылмаған сөздерім
Күннің алтын сәулесі боп тарайды.
Сәулем, сенде бар ма сол бір шарайна,
Қарашы оған, өңің толар арайға.
Менің демім шарайнада тұрады,
Тек өзің біл, ешкімге айтпа, жарай ма?
Жолға шықсаң, бар сапардан келші аман,
Құшағыма қызғалдақпен енші әман.
Күрсінісін ұмыттырам кеудеңнің,
Күреңіткен күз боп келіп мен саған.
Қалықтаған таң боп бір күн келем мен,
Шалықтаған нұрдан жаңбыр себем мен.
Жұпар бақта сен құс жолын іздесең,
Төніп тұрам жұлдыз болып төбеңнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәңірінен бармақтай бақ сұраған

  • 0
  • 0

Тәңірінен бармақтай бақ сұраған,
Қайда барсаң – жылап жүрген бір адам.
Жаңбыр жұтып, мұзды ерітіп, қар басып,
Қырық жамау жүректерін құраған.

Толық

Кешегіден күлкісі артық, мұңы артық

  • 0
  • 0

Кешегіден күлкісі артық, мұңы артық,
Таңдар атты тағы да бір мұнартып.
Ине-жіптен жаңа шыққан жас күннен
Көпті көрген көне кезім мың артық.

Толық

Менің кеуде тұсымда қоңырау бар

  • 0
  • 0

Менің кеуде тұсымда қоңырау бар,
Сыңғырласа қоңырау, жалын аунар.
Жел үзгенде жылатып жапырағын,
Сағыныштан сарғайды сары баулар.

Толық

Қарап көріңіз