Өлең, жыр, ақындар

Талап

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2251
Жеткіншекті жетелейді талабы,
Талаптанса, біраз жерге барады.
Белгілейді мақсатының межесін,
Сәтті басқан ең алғашқы қадамы.
Ақ қағаздай қалам ізі түспеген,
Албырт жаннан күтпе бірден іс терең.
Лапылдайды жас жүректің жалыны,
Атқарады бар жұмысты күшпенен.
«Білекті адам бірді ғана жығады...»
Бәзбіреудің көңілі соған тынады.
Білімдіге қай кезде де өріс кең,
Сүріндірмес оны өмірдің сынағы.
Айналаға көз жіберіп қарасаң,
«Биік» болып кеткен өңшең аласаң.
Жалған ойды малданып жүр кей жастар,
Бұл жағынан олқылық көп орасан.
Мансұқ етіп өмірі ұзақ өнерді,
Қай заманда, айтшы, кімдер көгерді.
«Талапты ерге нұр жауады» деген сөз,
Дей алмаймын осы күні көнерді!
Біреулер бар шылауыңа жармасар,
Сөйтіп жүріп, келер күнге жалғасар.
Текті деген епті бола алмайды,
Иілгенмен, бүгілуге бармас ар!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл тірлікте

  • 0
  • 0

Бұл тірлікте басу үшін алға нық,
Жүру керек оң-солыңды қарманып.
Сын көзімен қарамасаң ортақа,
Сан соғарсың, талай-талай алданып.

Толық

Біреуге

  • 0
  • 0

Айтқан сөзге адамша түсінбедің,
Көрініп тұр ап-айқын ісіңде мін.
Достығымнан қасарған қастық іздеп,
Бұл қалайша жатып aп «ісінгенің?!»

Толық

Бесінші белес

  • 0
  • 0

Десек тe табиғатта жарасым бар,
Мезгілдің айырайық арасын дәл.
Кеп-кеше жалт-жұлт еткен жігіт едім,
Ей, жылдар, қайда асығып барасыңдар.

Толық

Қарап көріңіз