Өлең, жыр, ақындар

Біреуге

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1932
Айтқан сөзге адамша түсінбедің,
Көрініп тұр ап-айқын ісіңде мін.
Достығымнан қасарған қастық іздеп,
Бұл қалайша жатып aп «ісінгенің?!»
Өмірменен осы сен ойнайсың ба,
Түсесің де жүресің бойлай сынға.
Иттікке де кетеді бой үйреніп,
Осы жағын, о, достым, олайсың ба?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жырсыз өткен жылдар

  • 0
  • 0

Түсірмей шұғыласын бетіме Күн,
Босқа өткен жылдарыма өкінемін.
Алаңсыз еш нәрседен жүрдім қалай,
Бардай-ақ бір өзімнің екі демім.

Толық

Мықтылыққа үйретіп

  • 0
  • 0

Жар басында жалқы өскен талшыбық,
Тас төбемнен қарайды әркез шаншылып.
Таңда көрсем бір уыс боп тұрады,
Балғын дене мөлдір шыққа малшынып.

Толық

Шабыт кетті...

  • 0
  • 0

Кірпіктерім ілінбестен жатырмын,
Ойлауменен тағы бір таң атырдым.
Бір зілдей жүк иығымнан басады,
Баданакөз сауытындай батырдың.

Толық

Қарап көріңіз