Өлең, жыр, ақындар

Әкем үйге келгенде

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 322
Ауыл жақты көп сұрап,
Алдым білем тынышын.
– Бұрынғыдан жақсырақ,
деп кең алып тынысын.
Бұл дүниеден көп болды,
Күзетші атаң кеткелі.
Еске алушы ек өткенді,
Қалды артында көктемі.
– Е, айтпақшы, қызым-ау,
Болды досың балалы.
Біреу келсе қызық-ау,
Біреу кетіп барады.
Сосын, сосын, ойланып,
Әлгі әнші Аяның,
Кетті дейді қой бағып,
Атаның ап таяғын.
Бір кездегі Көкжайдақ,
Қазір қала үйі көп.
Қыз болған соң шет жайлап,
Келмейсің де жиірек.
Несін айтам, бауырым,
Тыңдаудан тек ерінбе.
Әкем болып ауылым,
Көлбеп жатты төрімде!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұсынба орын, босағадан, төрденде

  • 0
  • 0

Ұсынба орын, босағадан, төрденде,
Төрді қайтем? жетім жүрек шерменде.
Тәтті сөзбен алдай бермей… сәбидің –
Не жетеді? Қолына нан бергенге...

Толық

Рух

  • 0
  • 0

Өмірге өктем өкпелейтін кез өткен,
Соғады ұлып, отты дауыл өзектен.
Біртін-біртін ауыстырып орынын
Өтті бәрі... келеді ғасыр кезекпен...

Толық

Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен

  • 0
  • 0

Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен,
Алдағысын үмітке сенім еткен.
Кездейсоқ келген басқа қуаныштан,
Қайғым артық кеудемді еңіреткен...

Толық

Қарап көріңіз