Өлең, жыр, ақындар

Өткенім мен бүгінім

Қимаймын мен өткенімді,
Болды бәрі қызықты.
Дегеннің бәрі болды,
Болса екен мен де осы.

Қимаймын өткенімді,
Жаралайды жүрегімді.
Бақытты бол жаным,
Қабыл ал тілегімді.

Ризамын өткеніме,
Қолдан бәрі кетті деме,
Жабырқап көңіл мұңайса да,
Еске алайық тамаша сәттерді де.

Хош келдің бүгінім,
Қуануым керек пе, білмеймін.
Өткенге деген сағыныш пен қимастық,
Жүрегімде басым болып тұр ғой деймін.

Қуана білу керек бәріне,
Жақсылыққа сену керек әрине.
Бүгінім болашағым,
Өткенім тарих болса.


Алдымнан жарқырасын күннің нұры,
Сезінейін жылуын шапағатты.
Сәттілік серік болып жандарыма,
Тілеймін сендерге бар бақытты.

Өмірім үзілмесін жалғассын,
Сендерге бақыттың таңы атсын.
Сәбидің күлкісімен арайланып,
Бақыттан бастарың айналсын.

Көрмеңдер еш қиындық,
Болмасын кедергілер кібіртік.
Өтіңдер сыйлап бір –біріңді,
Желбіресін махаббаттың мәңгі туы.

Ризамын бүгініме,
Болады бәрі де өмірде.
Жасар едім қалағанымды,
Әттең-әттең қолдан келсе.

Болсын тек жан тыныштығы жүрегім де,
Қуанамын сендерді көргенімде.
Жолы ашық болса деймін, бәрі жеңіл,
Нұрлансын қуаныштан қамкөңіл.





Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар