Өлең, жыр, ақындар

Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 292
Жолаушыдай жас дәурен желіп өткен,
Алдағысын үмітке сенім еткен.
Кездейсоқ келген басқа қуаныштан,
Қайғым артық кеудемді еңіреткен...
Өзімді-өзім қайтемін алдандырып,
Жимиғанға жылтырап, жалған күліп.
Ол менің табиғатым, суып-сүйсем,
Жаныма табындырып, таңдандырып...
Жүрегімді жүдетсе азалы үндер,
Бауырымды өзіңе жазамын жер.
Ортақ етпей біреудің ұжмағына,
Тірлігімнің, тағдырым, тозағын бер.
Құлазыған көңілдің тұнжыр айын,
Қозғап алға мен неге жылжымайын.
Ұнамасам өзгеге ұнамайын,
Тек әйтеуір шын күліп, шын жылайын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі

  • 0
  • 0

Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі,
Енді біліп отырсың ба, Сен мұны?
Көз ашқаннан жоқтық көрген баланың -
Шырқыраған шығар шықпас енді үні.

Толық

Ұқсайды екен алау жүзің айға анау

  • 0
  • 0

Ұқсайды екен алау жүзің айға анау,
Сұлулықты қылмыс шығар ойламау.
Қарап саған керегі не айнаға,
Айнасыз да әдемісің, айнам-ау!..

Толық

Үндемедім...

  • 0
  • 0

Үндемедім...
Мұндайда дәрменсіз ғой тіл дегенің.
Айтарымды көзіммен айттым бірақ,
Түсіне алмай түкке де жүрген едің.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар