Өлең, жыр, ақындар

Кешкі биде

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 261
Вальс әні, кетті бірден тартылып,
Кеңейгендей күй сазымен тар клуб.
Шыр айналып дөңгелеп жүр құрбылар,
Жүздерінде нұр арайлы таң күліп.
Отырмын мен көңіліммен биге еніп,
Өзгеше бір тәтті қиял, күйге еніп.
Бір жігітпен кетер едім дөңгелеп,
Аяғымнан тұрмын шеттеп, именіп.
Сынағандай сен де маған шық дедің,
Ал мен сонда бар сырымды бүкпедім.
Дедім сонда бар ма сенен аярым,
Келмейді ғой, билер едім, аяғым!....
Үнсіз қалдың, әлсіз артқа шегіндің,
Келіп еді көз жасы боп төгілгім.
Бірақ, кенет бекіндім де, бойыма
Құдіретін құйдым болат темірдің.
Вальс әні кетті тағы ырғалып,
Көздер, көздер қадалады-ау ұрланып.
«Билер едім, әттең, менің аяғым»,
деймін-дағы бір өшемін, бір жанып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаса жүйріктің қайғысы

  • 0
  • 0

Жеткізбей әне қара бір,
Жерледі жаман, қорлық-ай.
Тұяғым сүйген дала-қыр,
Тістесіп жатыр көр құдай.

Толық

О, тәңірім! Сен қандай үстем едің

  • 0
  • 0

О, тәңірім! Сен қандай үстем едің,
Өз алдыңда әлсізбін, кішкенемін.
Уысқа алып барлығын қысып тұрған
Қыс па екен осынау қыс дегенің?..

Толық

Келдің бе, Май!

  • 0
  • 0

Келдің бе, Май!
Толықсып, гүліңді алып,
Бар әлемге ұлы күн нұрын жағып.
Қол ұстасқан қарашы көшедегі,

Толық

Қарап көріңіз