Өлең, жыр, ақындар

О, тәңірім! Сен қандай үстем едің

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 275
О, тәңірім! Сен қандай үстем едің,
Өз алдыңда әлсізбін, кішкенемін.
Уысқа алып барлығын қысып тұрған
Қыс па екен осынау қыс дегенің?..
Сен көрінсең, бойдан күш, ерік кетер,
Көріксізді өз көзің көрікті етер.
Маған қарап сәл ғана күлімдесең,
Көңілімнің мұз-қары еріп кетер...
Сезіміңе жетер ме назды өлеңім,
(Бір түнінде қаңтардың жазған едім).
Қыс па екен сен барда қыс дегенің,
Жаз ба екен сен жоқта жаз дегенің?
Дайындап тұр бұл тағдыр бізге нені,
Еріткендей жастық дем мұз денені.
Із түспеген ақ қардың үстіменен
Қысқы түнде іздеп шық, ізде мені.
Түсінбеймін, сен қандай үстем едің,
Жайлап алды жанымды кішкене мұң.
Бұлт ішіне ай тоңып еніп кетті,
Өзің барда қыс па екен қыс дегенің?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үмітіңді өмірден үзбе, күнім

  • 0
  • 0

Үмітіңді өмірден үзбе, күнім,
Ұмытылған қырлардың ізде гүлін.
Көктем болып жүрсең сен, көздеріңе
Көрінбей ме құлпырып күзгі өңірің.

Толық

Өтпелі, бір сәтпен дос, өлшемегін

  • 0
  • 0

Өтпелі, бір сәтпен дос, өлшемегін,
Жүрекке жолаушыдай жол шегемін.
Адамның ақшасы емес, ақылына
Апаннан ап шығардай мен сенемін.

Толық

Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп

  • 0
  • 0

Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп,
Таңғы шықтай көңілменен шын сенген.
Сүйе тұрып, сүймес ем ғой ертерек,
Опасыз жан екеніңді білсем мен.

Толық

Қарап көріңіз