Өлең, жыр, ақындар

Келдің бе, Май!

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 381
Келдің бе, Май!
Толықсып, гүліңді алып,
Бар әлемге ұлы күн нұрын жағып.
Қол ұстасқан қарашы көшедегі,
Көңілді ғой керемет бүгін халық.
Көкірегіңе бәйшешек тағып келдің,
Жон-арқасын көгертіп алып жердің.
Адамзаттың көзінде бақыт күліп,
Ақындарға ен-тегін шабыт бердің.
Келдің бе, Май!
Аспанды айна ғып бір,
Он екі айды тағы да айналып бір.
Табиғат та тамылжып өзіңе ұқсап,
Дүние тұтас еріген Май болып тұр.
Шуағыңмен кеудені жылтып ақтың,
Күткен тойым келіпті-ау, жыл құрап күн.
Осынау жарқын жүзбен ашық аспан,
Куәсіндей достықтың, ынтымақтың.
Дәл өзіңдей мен дағы жасанамын,
Қуаныштан көзіме жас аламын.
Жер әлем – көгеріп тұр күн көзімен,
Талпынған тұңғышындай жас ананың.
Алыстардың көз жетпес көріп бәрін,
Ағыстардың есітіп ерікті әнін.
Көк төсінде қалқиды көгершіндер,
Көңілдерге туыстық егіп дәнін.
Келер әлі алдымда мерекем көп,
Бәрін күтіп аламын, сен екен деп.
Маужыратып тыңдайын, сырыңды май,
Төріме шық, кәнеки, берекем боп.
Келдің бе, ару Майым, гүліңді алып,
Толықсып жүз құбылып, күлім қағып.
Әсерің-ау бір сенің, көшедегі,
Көңілді ғой ерекше бүгін халық!
Көңілді ғой, ерекше бүгін халық,
Жер үстінде гауһар күн нұрын жағып.
Бақыт жауған секілді әрбір жанға,
Аяңдайды ақырын күлім қағып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәтті сөзден, қайсы менің ұтқаным

  • 0
  • 0

Тәтті сөзден, қайсы менің ұтқаным,
Айрық жолда қалдым, қаңғып, бітті әлім.
Әппақ нанды шайнап салып аузына,
Қол соқтық қой, тамашалап жұтқанын...

Толық

Алдадың... оңашаға алып қаштың

  • 0
  • 0

Алдадың... оңашаға алып қаштың,
Күн іздеп арасынан жарық тастың.
Кешпеймін, есім барда кеше алмаймын,
Бақытты етіп сені жарытпаспын.

Толық

Сыншы қыз

  • 0
  • 0

Жастықтың қызықпай аз сайранына,
Арманның ай қондырып айдарына,
Қолыңа сарбаздай боп семсер алып,
Шықтың сен әділеттің майданына.

Толық

Қарап көріңіз