Өлең, жыр, ақындар

Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 407
Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі,
Әнің сенің жасыл бақша, жер гүлі.
Саған таңсық емес сонша, сеземін,
Қырандардың аспандағы ерлігі.
Шертші маған ей, жігітім, басқа күй,
Сілкіп көңіл, қайнасыншы баста ми.
Қараймын мен әрбір атқан таңыма,
Көзіменен еш кінәсіз жас сәби.
Бұлақ, сенің маған аян ғашығың,
Сырың жоқ қой, жаға-жайдан жасырын.
Жүгіріп сен асығасың көруге
Теңіздердің аласұрған ашуын.
Бел-төбелер, маған аян көптігің,
Аласасың, басыңда қар жоқ бүгін.
Мойыныңды қанша көкке созғанмен
Көре алмайсың Асқар таудың шоқтығын.
Айтшы маған, ей, әнші құс басқа әнді,
Көкірегіңнен көрсет көкшіл аспанды.
Жымисын бір түнгі көктен жұлдыздар,
Ай арудың нөкеріндей шашбаулы.
Бәрі-бәрі мәңгілікке асығып,
Бір-бірінің осалдығын жасырып.
Өмірде осынау құра берсін салтанат,
Бір-бірінің бағаларын асырып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қапшағай теңізі

  • 0
  • 0

Сәлем бердім, туған жер, әр күні арман,
Сәлем бердім, баба жұрт, жақсы ағайын.
Табиғаттан дәуірім тартып алған,
Жетісудың теңізі – Қапшағайым!

Толық

Үш бала

  • 0
  • 0

Той-тойлаған... жоқ-барды елеместен,
Ұйып тұрған айрандай ел емес пе ем.
Бөлем деме, қазақты “жүзге” бөліп,
Үш баласы ол, бір үйдің ерегескен...

Толық

Жан сырласым...

  • 0
  • 0

Сырды жүрген жасырып,
Шертсем, жылар тас ұғып.
Даусым жетпес алысқ-а-а-а
Елегізем... асығып.

Толық

Қарап көріңіз