Өлең, жыр, ақындар

Жан сырласым...

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 247
Сырды жүрген жасырып,
Шертсем, жылар тас ұғып.
Даусым жетпес алысқ-а-а-а
Елегізем... асығып.
Өміріммен тағдырлас,
Жауар көктен жаңбыр жас.
Жұбатады жанымды
Жан сырласым, ән құрдас...
Түнек-түннен айыққан,
Келер күнмен байып таң.
Елестейді Сол бір кез»,
«Әлі есімде», «Қайықтан».
Жаным тағат тапқандай,
Жалын қанат қаққандай.
Естіледі көгімнен
«Ақсұңқарым», – «Ақмаңдай»...
Ән тербетіп тұр маңай,
(Қалай жүрем, жырламай?)
Елестетер-анамды,
«Шилі өзен» мен «Бір бала-ай».
Ән - құрдасым, арманым,
Сыңсыған көк орманым.
Құштарлығы ғашықтың,
«Гауһартас» пен «Қорланым»...
Алдан туып ақ күнім,
Ашылады бақ гүлім.
Айдындағы аққудай,
Әуелесе «Гәккуім»...
Арман бәйге, алға озар
Ашылып, тарқар сан базар.
Ешуақытта келмейді –
Әсем, сұлу әнге ажал.
Уақыт ойдан озады,
Шықты тарих тозаңы.
Естеліктей көрінер,
Әр уақыттың өз әні...
Бір күні өзге, бір күннен,
Құрметтейтін құрбым, кем.
Қолымда бар... қаламым,
Өз тағымда тұрмын Мен!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақыт

  • 0
  • 0

Бақыт, бақыт, білмеймін мен не екенін,
Білмесем де толқып-толқып кетемін.
Жинамаймын оңай жолмен дүние,
Болмас дейсің дайын асқа кім ие.

Толық

Уақыттың өте берсін ай, аптасы

  • 0
  • 0

Уақыттың өте берсін ай, аптасы,
Өмірдің біз емеспіз аяқ, басы.
Алаңсыз күлімсіреп шалықтаған,
Сәбиді ұйқыдағы оятпашы.

Толық

Іздер

  • 0
  • 0

Бір соқпақтан бір соқпақты іздесем,
Айқыш-ұйқыш заман басқан із кесем.
Сол жолдардың төсінде өскен, құрбыжан,
Өтінемін, бір тал гүлді үзбе сен!

Толық

Қарап көріңіз