Өлең, жыр, ақындар

Қапшағай теңізі

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 474
Сәлем бердім, туған жер, әр күні арман,
Сәлем бердім, баба жұрт, жақсы ағайын.
Табиғаттан дәуірім тартып алған,
Жетісудың теңізі – Қапшағайым!
Ағытасың, қандай сыр, қандай үнді,
Жағаңда жағаны ашып желпінелік.
Аңсап келдім, анам боп маңдайымды
Көк шәйі толқыныңмен желпі келіп.
Туған жұрт арманы асқар, ақылы еділ,
Толқыдым, аспаныңнан көп із оқып.
О, менің ақын елім, батыр елім,
Іле өзенін жіберген теңіз етіп.
Шыдамай дүрсілдеген солқылға мың,
Ашуың арна көміп атылады.
Ақбурыл, ақжал анау толқындарың,
Жартас бүйрін тепкілеп жатыр әні!
Қиял құсым төбеңде қалқып кеткен,
Қарсы алдымнан ашылып түндігі үміт.
Толқыныңда сырғадай жалт-жұлт еткен,
Батқан күннің жалқыны тұрды ілініп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт деген қалып қалмай дүлділден

  • 0
  • 0

Уақыт деген қалып қалмай дүлділден,
Жүрегімнен жүрек соғып күн күлген.
Құлап қалсаң,
тоқтап тұра беретін,

Толық

Ерке елік

  • 0
  • 0

Елеңдеп арман елігім,
Басында бұлақ жүр едің.
Айналып сүйді сені Күн,
Сезді ме, соны жүрегің?

Толық

Тым ертерек ағарса шашың, жарым

  • 0
  • 0

Тым ертерек ағарса шашың, жарым,
Мен оған кінәлімін, айыптымын.
Кеудеңдегі қызғаныш, ашуларың,
Сыртқа шықса сырларын жайып бүгін.

Толық

Қарап көріңіз