Өлең, жыр, ақындар

Жас кезімде бұдан сәл, көп болатын достарым

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 255
Жас кезімде бұдан сәл, көп болатын достарым,
Кеңіп мүлде кеткендей, көрінетін аспаным.
Енді міне, бәрімен түсініспей суыстық,
Көңілімізден өлтіріп, арасында қас қағым...
Адам болып әйтеуір, көріп жүрміз талайды,
Алданумен, алдаумен ағартып тез самайды.
Доссыз көңіл саусақпен қалған күнін санайды,
Досы көптің көңліне өмір сүру қолайлы...
Достары көп адамға өмір сүру жеңілдеу,
Тірескенмен тіресіп, күшін үстеп, жеңілмеу.
Бір досыңнан сенімің кеткен кезде сөгіліп,
Жан жүрекпен айып қой жылап іштей егілмеу.
Бір досымдай көремін, бір таңымның атқанын,
Жанып алып төзімге шабытымның шақпағын.
Біртін-біртін бар достан айрылған соң ертерек,
Кетті мені есейтіп, жалғыз қалған шақтарым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түбір табалдырық

  • 0
  • 0

Осы жермен өткендей бабам жүріп,
Қалай, ішке сезімді қалам бүгіп.
Сол бір үйде мен жиі баратұғын
Түбір ағаш болыпты табалдырық.

Толық

Ақ әлем...

  • 0
  • 0

Ақ әлем...
Асқар таулар түрегеп тұр,
Тауларға табынғандай, жүрелеп қыр.
Аспанға шығып алып Әлия әжем,

Толық

Көңілім менің

  • 0
  • 0

Көнбей баяу арна-ағысқа көңіл бір,
Өмірімнің табады екен емін жыр.
Қырау қабақ қыс айынан қар басқан
Алабұртам көктем іздеп көгілдір.

Толық

Қарап көріңіз