Өлең, жыр, ақындар

Көңілім менің

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 489
Көнбей баяу арна-ағысқа көңіл бір,
Өмірімнің табады екен емін жыр.
Қырау қабақ қыс айынан қар басқан
Алабұртам көктем іздеп көгілдір.
Үміттерін сұлулықтан кім үзбек,
Өшіргендей бір іздерді бір із кеп.
Қарай берем кең далаға қар басқан,
Өмір үшін өсіп тұрған гүл іздеп.
Бір өмірден бір өмірге құштармын,
Құштарлықпен көкжиекке ұшқан күн.
Ерте тұрып елегізи беремін,
Естігім кеп әнін бұлбұл құстардың.
Кей түндері көздерімді ілмеймін,
Суық ұрып тоңып тұрған гүлдеймін.
Аппақ қыстан асығамын көктемге,
Көктем маған не сыйлайды, білмеймін.
Арпалысып сезімдермен арбасқан.
Асқар таудан келеді асып таңғы аспан.
Өз-өзімнен алабұрта беремін,
Көктем іздеп кең даладан қар басқан.
Сағындырды шегірткелер өлеңі.
Уақыт ағыс тербетіп жер кемені.
Қазақы үйге қарлығаштар ұя сап
Біздің жакқа көктем қашан келеді?..
Көңілім менің алабұрта береді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суретші боламын

  • 0
  • 4

Суретші болам өскенде,
Саламын туған даламды.
Қызарып батқан кештерді,
Жұмыстан қайтқан анамды.

Толық

Бүгінімнен бұрын ойлап ертеңді

  • 0
  • 0

Бүгінімнен бұрын ойлап ертеңді,
Гүлім ерте көзін ашып, ерте өнді.
Бүршіктеген бір үмітім ақталмай,
Ішім менің өртенді ғой, өртенді...

Толық

Бақыт

  • 0
  • 0

Бақыт, бақыт, білмеймін мен не екенін,
Білмесем де толқып-толқып кетемін.
Жинамаймын оңай жолмен дүние,
Болмас дейсің дайын асқа кім ие.

Толық

Қарап көріңіз